RU
Жапондардан көргенін қайталған ақтөбелік жанкүйерлер қызу талқыға түсті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жапондардан көргенін қайталған ақтөбелік жанкүйерлер қызу талқыға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі футбол сүйер қауым жапондық жанкүйерлерден үлгі алып, матчтан кейін ойын алаңын тазалап, жинап кетті. Стадиондағы суреттер "Ақтөбе" футбол клубының Instagram парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

"Мақтан етеміз. Көптеген жанкүйерлер "Қобыланды біздің үй" акциясын қолдап, матчтан кейін стадионды жинап кетті", - деп жазба қалдырған.

Желі қолданушылары олардың әрекетіне қуанып, жақсы үлгі көрсеткен жапондықтарға алғыс жаудырды.

Еске салсақ, осыған дейін жапондық жанкүйерлер бар әлемді өздерінің мәдениеттілігімен таңғалдырды. Олар стадиондағы шашылып жатқан қоқыстарды түгел жинап шыққан.

Оған қоса, Жапония құрамасының ойыншылары да 1/8 финалда Бельгиядан ұтылып қалғанына қарамастан, киіну бөлмесін жинап, алғыстарын айтып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel