RU
Бауыржан Байбек елбасының туған күнінде Нұрсұлтан шыңына шықты
Жаңалықтар Қоғам

Бауыржан Байбек елбасының туған күнінде Нұрсұлтан шыңына шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі елбасының туған күнінде Нұрсұлтан шыңына шықты деп хабарлайды Kyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Kyn.kz

Фото: Kyn.kz

Бауыржан Байбектің шыңға шыққан суреттерін Альпинизм федерациясының вице-президенті Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Бүгін Алматы әкімімен бірге Нұрсұлтан шыңына шықтық. Баршаңызды Астананың 20 жылдығымен және елбасының туған күнімен құттықтаймыз", — деп жазба қалдырған Еркінбаев.

Айта кетейік, Нұрсұлтан шыңына шығу альпиниадасы салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында белсенді демалысты ұйымдастыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Былтыр альпиниадаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мың адам жиналған болатын. Биылғы шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel