RU
Мектеп оқушысы тікелей эфирде өзіне жар іздейтін жастарды сынап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Мектеп оқушысы тікелей эфирде өзіне жар іздейтін жастарды сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрлыхан Жұмахан отандық рейтинг қуатын бағдарламаларды сынап тастады деп хабарлайды "Ұлан" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Ктк

Сурет: Ктк

Оқушының ойынша, мұндай ысырапшылдық таныту, келіндердің жаға жыртысып, жігітке таласуы қазақ қыздарына тән қылық емес.

"Ал «Кел, келінім» жобасы қазақтығымызды мазақ еткісі келетін секілді. Төрт жігіт аналарымен бірге келіп болашақ жарын, анасына келін таңдайды. Əрине, анасының көңілінен шығатын кызды жар ету барлық азаматтың арманы. Бірақ тым шектен шығудың керегі бар ма?!. Бағдарламаға келіп отырған жігіттердің аналары да жас қызға ақыл айтудың орнына, сынап тастайды. Алдыңғы бағдарламадан көзім шалғанда бір қыз жігітке жұмыртқа лақтырып, дөрекі сөздер айтып, бір-бірімен төбелесуге дейін барды. Жігіттікке жатпайтын қылықтар да оғаш көрінеді. Қыздардың көзін ала бере жігіттер жағы жиналып, жамандап алады. Қыздармен солай бой көрсетіп жүргеніне қалай намыстары жібере салды екен?!", - деді Нұрлыхан.

Оқушы «Келіндер бəйгесі», «Кел, келінім» секілді шетінен рейтинг қуатын бұл бағдарламалардың көк тиын пайдасы жоқ екенін айтып өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel