RU
Жеткіншектің жыныс мүшесінен телефон қуаттағыштың сымы табылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жеткіншектің жыныс мүшесінен телефон қуаттағыштың сымы табылды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында тұратын 13 жастағы жігіттің жыныс мүшесінен телефонды қуаттандыратын құрылғы сымы табылған. Бұл туралы pure-t.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: pure-t.ru

Фото: pure-t.ru

Дәрігерлер баланың жыныс мүшесінен кіріп, қуығына дейін созылып жатқан кабельді көргенде жағасын ұстап қалады. Жасөспірім достарының арасында айтылған әңгімеден кейін қуаттандырғыш сымын өзіне кіргізіп көрмек болған.

Бірақ сымды қайта шығара алмай қалғандықтан, оның зәріне қан араласып, қуығы қатты ауыра бастайды.

Фото: pure-t.ru

Фото: pure-t.ru

Уролог дәрігер Сюй Лиян баланың жыныс мүшесіне кірген сымның ұзындығы шамамен 10 сантиметр дейді. Мамандар оны шығару үшін хирургиялық ота жасауға мәжбүр болған.

Қазір жасөспірім ауруханадан шығарылып, өзін жақсы сезінетінін жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
9
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel