RU
"Ақжүніс" бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединоваға қастандық жасалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ақжүніс" бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединоваға қастандық жасалды

Рассказать Вконтакте

"Ақжүніс" бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединова басынан өткен қайғылы жағдайдан соң ес жиып, Қытайда қамауда отырған Сайрамгүл Сауытбайқызының ісіне араласып жүрген болатын. Ол сот ісіне қатысу үшін жаркентке бара жатып, қастандықтың құрбаны болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәуле Әбединова. Фото: Тележүргізушінің Instagram парақшасынан алынды

Сәуле Әбединова. Фото: Тележүргізушінің Instagram парақшасынан алынды

Өздері отырған көліктің жолын бөгемек болған белгісіздердің ісін Әбединова Instagram парақшасы арқылы баяндады.

"Сайрамгүлдің сотына аман-есен жеттік. Серікжан Біләшұлының "Ниссан" көлігімен Серікжан, Нұргелді, Ардақ, Еркін деген студент бала және мен аман-есен Жаркентке жеткенімізге шүкір дедік. 160-170 шақырым жол жүргеннен кейін жолда қарайып жатқан екі нәрсені көрдік. Бастапқыда екеуін өлексе екен деп ойлағанмын. Рөлде Нұркелді деген жігіт. Көліктің алдында мен отырмын. Өлексе дегеніміз камаздың комкраттары екен. Нұркелді ақылдылыққа салып, екеуін бір-біріне ығыстырды. Темірдің сықырлаған дауысынан бәріміз қорқып кеттік.

Батсапқыда көлік жөндегендер тастап кеткен шығар деп ойлағанбыз. Кейінірек дәл жолдың бойында, екеуін бір-біріне қатар, реттеп қойып кеткенін ойлап, мұны қастандық деп жобаладық. "Шок" болып жүріп, суретке түсіруді де ұмытып кетіппіз" , - деді Сәуле Әбединова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
15
4
4
3
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel