RU
Қарағандылық шенеунік қарамағындағы алты жұмыскердің айлығын тартып алған
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық шенеунік қарамағындағы алты жұмыскердің айлығын тартып алған

Рассказать Вконтакте

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің басшысының орынбасары қарамағындағы алты жұмыскердің айлығын тартып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Бұл істе оған мекеменің бас маманы көмектескен. Тергеу амалдарына сүйенсек, олар жолға техникалық тексеру жүргізіп, техникалық төлқұжат дайындайтын азаматтарға айлық түскенін білген. Әрқайсысы кемінде 300-350 мың теңге алуға тиіс болған.

Басшының орынбасары алты жұмыскерді шақырып алып, келісімшартты орындағаны үшін алған айлықтарын қайтарып берулерін талап еткен. Бес жұмысшы бірден келісім беріп, алтыншысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға шағымданыпты. Олар оған белгіленген ақшаны берген.

Ақша алу барысында басшының орынбасары мен бас маман ұсталды.

Шығынның жалпы сомасы - 1,9 млн теңге.

Сот "Қарақшылық" бабы бойынша шенеунікті үш жыл алты айға, ал бас маманды үш жылға шартты түрде соттады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel