RU
Президенттен басқа кімге керек?: Түркістандық шенеуніктер халықты үйсіз қалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Президенттен басқа кімге керек?: Түркістандық шенеуніктер халықты үйсіз қалдырды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы Бәйдібек пен Мақтаарал аудандарының тұрғындары шенеуніктердің сапасыз жұмысының кесірінен баспанасыз қалып отыр деп хабарлайды tvk-uko.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: tvk-uko.kz

Сурет: tvk-uko.kz

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2018-2019 жылдарға жоспарланған баспана салынып бітпеді. Алайда, биік өкілдерінің бұған өз жауабы бар. Олардың айтуынша, осы аудандардағы үй кезегінде өте аз адам тұрғандықтан бюджет қаржысы игерілмейді.

"Мақтааралда үй жоқ. Халқы ең тығыз орналасқан аудан. Онда қазір 300 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Ал жоспар бойынша үй құрылысы басталмапты. Яғни 2019 жылы ол жерде баспана болмайды деген сөз. Бұл бағдарлама президенттен басқа ешкімге керек емес пе? Сіздерге тек есеп беру керек. Солай ма? Сіздер ертең халық қайда өмір сүреді деп ойладыңыздар ма? Ал, Бәйдібекте қанша адам баспанасыз отыр!", - деді облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбіш.
Сурет: tvk-uko.kz

Сурет: tvk-uko.kz

Еске салайық, Түркістан облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 42 нысан салынып жатыр, ал Шымкентте - 29. Биліктегілер олардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтаймыз деген ниетте.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel