RU
СІМ Соловьевтің "арандатушылық" пікірлеріне қатысты жауап берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

СІМ Соловьевтің "арандатушылық" пікірлеріне қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі екінші маусым күні эфирге шыққан күні ресейлік ток-шоудағы пікірлерге қатысты жауап берді. Бағдарлама қатысушылары Каспийдегі АҚШ әскери базаларының орналасуын сынға алды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: ток-шоудағы кадр мен tv7.kz сайтындағы фото

Коллаж: ток-шоудағы кадр мен tv7.kz сайтындағы фото

"Осындай пікірді ресейлік БАҚ пен мамандардың қазіргі жағдайға байланысты нақты деректері болмағандықтан айтты деп ойлаймыз. Әдейілеп осындай бағыттағы ой айтқан жоқ деген ниеттеміз", - деп айтылған хабарламада.

Мекеменің мәліметінше, бүгінгі күні сөз тек Қазақстан территориясынан өтетін америкалық жүктің коммерциялық теміржол транзиті жайлы ғана қозғалып отыр.

Мұның бәрі Ауғанстан билігін қолдайтын халықаралық қауымдастыққа қажетті операцияларды жалғастыру үшін керек екен.

Тасымалдың тоқтаусыз әрі жабық контейнерлерде Қазақстанның ұлттық компаниясының жетектеуімен жүргізілетіні айтылған.

"Сондықтан, әрине, Каспийдегі ешқандай әскери базалар жайлы әңгіме жоқ. Қайталап айтамыз, транзитті тек әскери емес жүктер үшін ғана қолданады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Қатысушылардың талқылауын бағдарламаның 43-минутында көруге болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel