RU
Абу-Дабидің тақ мұрагері желідегі оқырмандарына Астананы көрсетті (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Абу-Дабидің тақ мұрагері желідегі оқырмандарына Астананы көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян төртінші шілде күні Астанаға жасаған сапары барысында түсірілген бейнежазбаны жариялады. Әдемі видеоны ханзада өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеген.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Бейнежазбада қазақстандық елорданың кейбір көрікті жерлері, мұрагердің Астанаға жасаған сапары барысындағы ең маңызды сәттер көрсетіледі.

Ханзада парақшасына мұндай видеолар салып тұруды дәстүрге айналдырған.

Оның парақшасынан басқа елдерге жасаған сапар барысындағы видеоларды, сондай-ақ әлем басшылыраның БАӘ-ге жасаған сапарларын да көруге болады.

Мысалы, бірнеше ай бұрын ханзада Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапарынан видеожазбаны жариялаған болатын.

Ханзада оқырмандарының саны - 1,6 млн адам. Олардың көбі видеоның сапасын ерекше атап өткен.

Еске салайық, өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаянды қабылдады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel