RU
Арыста 77 жастағы қария өз үйінде тірідей өртеніп кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Арыста 77 жастағы қария өз үйінде тірідей өртеніп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Арыс қаласында 77 жастағы кейуана өз үйінде тірідей өртеніп кетті. Қарт кісінің мәйіті үйіндегі жатын бөлмедегі көрпе төсектің арасынан өлі күйінде табылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

арысаи

Фото: nur.kz

Қайғылы жағдай 7 шілде күні күндізгі сағат бірлер шамасында орын алған.

Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жатын бөлмедегі электр сымдарынан ақау шығып, бірден өрт шарпиды.

Куәгерлер үйде жалғызбасты қарияның тұратынын білгенімен, қауіпті болғандықтан оны құтқару үшін ешбір амал жасауға әрекеттенбеген.

Оқиға орнына келген өрт сөндірішулер қызыл жалынды ауыздықтағанымен, қарт кісіні аман алып қала алмады.

" Жеке тұрғын үйде жатын бөлмеде 4 ш.м. көрпе-төсек азаматша мәйіті табылған. Өрттің шығу себептері анықталуда.Оқиға орнына ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның 9 қызметкері, 2 дана техникасы, полиция қызметінің тергеу тобынан 12 қызметкер, 2 дана техника жұмылдырылды"-деп хабарлайды Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel