RU
Назарбаев Жапония халқының қайғысына ортақтасып көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Жапония халқының қайғысына ортақтасып көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
2
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel