RU
Атыраулық спортшы Әлем чемпионатынан алған медалін бапкеріне тақты
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық спортшы Әлем чемпионатынан алған медалін бапкеріне тақты

Рассказать Вконтакте

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Жалғасов додада жеңіп алған медалін бапкері Аслан Жаманбаевтың мойнына тақты деп хабарлайды Atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атыраулық спортшы

Атыраулық спортшы Бекзат Жалғасов. Фото: atr.kz

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бекзат - әлемдік додада еркін күрестен қазақ балуандары арасында медаль еншілеген жалғыз спортшы.

"Алдымен, менің еш қиындықсыз дайындалып, жарыстарға баруыма мүмкіндік жасаған облыстық спорт басқармасына алғысымды білдіремін. Хорватия еліне кіл мықты балуандар жиналған. Үздік үштіктен көрінудің өзі қиынға соқты. Дегенмен ұзақ уақыт тынымсыз дайындықтың жемісін көрдім", – деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel