RU
"Қалжың шығар дедім": Головкиннің бапкері атышулы жекпе-жектің мән-жайын ашты
Жаңалықтар Әлемде

"Қалжың шығар дедім": Головкиннің бапкері атышулы жекпе-жектің мән-жайын ашты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен Сауль "Канело" Альварестің бірінші жекпе-жегінен кейін болған қызықты жайт туралы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қалжың шығар дедім"
"Өкінішке орай, төреші шешімі оқылғанға дейін Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес келіп, жекпе-жектің тең аяқталғанын айтты. Төрешілер есепті жариялағанға дейін болды. Ол мұны қайдан біліп қойды деп таңғалдым.

Басында қалжың шығар дедім, өйткені 12 раундтың 8-ін таза жеңдік деп санаған едім, тіпті бұрмалау болған күннің өзінде, жеті де бес есебімен жеңуге тиіс болатынбыз.

Нәтижені естіп қатты қапаландық, неге бұлай болғанын түсіну қиын", — деп мойындады Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

естеріңізге сала кетсек, боксшылардың қарымта кездесуі 15 қыркүйекке жоспарланған. Өтетін орны — Лас-Вегастағы T-Mobile Arena.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel