RU
Қазгидромет: Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтады
Жаңалықтар Қоғам

Қазгидромет: Алдағы күндері аптап ыстықтың беті қайтады

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК өкілдері 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздегі аптап ыстықтың беті қайтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: otyrar.kz

Көрнекі фото: otyrar.kz

"Демалыс күндері оңтүстік облыстарда ауа температурасы плюс 40…45°С өте ыстық ауа-райы болды. Бірақ алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттармен бірге Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен салқын және дымқыл ауа келе бастайды. Сондықтан республика аумағының басым бөлігінде ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, солтүстік жартысында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, күшті жел болуы ықтимал", - деп хабарлайды мамандар.

Сонымен қатар Оңтүстік облыстардың жеке аудандарында, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel