RU
Ақтөбеде мешіт жанын ашылған аквапарк тұрғындардың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде мешіт жанын ашылған аквапарк тұрғындардың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі "Нұр ғасыр" мешітінің дәл қарсы бетінде ашылған аквапарк көпшіліктің наразылығын тудыра бастады. Тұрғындар құлшылық жасалатын Алланың үйінің қасына ашық-шашық жүретін демалыс орнын салғандардың әрекетін түсінбей отыр деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: yaltaintourist.ru

Көрнекі фото: yaltaintourist.ru

Тұрғындарды шулатқан мешіт пен аквапарктің арасы шамамен 500 метр. Екеуін тек жол ғана бөліп тұр екен.

Тұрғындардың бірі: "Бұл Алланың үйі ғой. Алланың үйіне қарама - қарсы тырдай жалаңаштану ол заңға да сәйкес емес, шариғатқа да жатпайды. Мешітте намаз оқылады, азан шақырылады. Ал ана жақта жалаңаштанып, ол дұрыс емес. Мен бұған ренжимін. Келіспеймін", - десе енді бірі "онда тұрған ештеңе жоқ" деп отыр.
"Маған ешқандай әбестігі жоқ сияқты. Сырты жабық, биік болған соң көрінбейді. Оның ешқандай кедергісі жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Телеарнаның мәліметінш, алты миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған аквапарк Астананың 20 жылдық мерекесіне тарту ретінде ашылған. Шамамен бір жылдай салынған кешеннің құрылысы жартылай ғана біткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
1
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel