Алматы вокзалында жүкті келіншек босанып қалды
Алматы-1 теміржол стансасында әйел адам өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл биылғы жылы болып отырған үшінші жағдай. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматы вокзалында жүкті келіншек босанып қалды
Дүйсенбі күні № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызының жолсеріктері Шымкенттен Алматыға келе жатқан Сажида Маликова атты жолаушыны босандырып алды.
"Пойыз Шамалған стансасынан жолға шыққан соң әйелдің толғағы қыса бастаған. Пойыз бастығы Алматы-1 стансасына жедел жәрдем қызметін шақырды. Жолсеріктер жолаушылардың арасынан медицина маманын іздестірді. Абырой болғанда, Алтынай Жапабаева атты азаматша жедел жәрдем қызметі келгенше, әйелді босандыруға қолғабыс етті",- деді ведомство өкілдері.
Жедел жәрдем қызметі келгенше Алматы-1 вокзалының жолаушылар вагонында әйелді босындыру жөнінде шешім қабылданған.
Медицина мамандары мен пойыз бригадасы өкілдерінің бірізді қимылдарының арқасында қыз бала дүниеге аман-есен келді.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір