RU
Шығыс Қазақстанда аптап ыстық салдарынан балықтар жаппай қырылуда
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шығыс Қазақстанда аптап ыстық салдарынан балықтар жаппай қырылуда

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан тұрғындары өңірдің су қоймаларында мөңке балықтың жаппай қырылуына алаңдап отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шығыс Қазақстанда аптап ыстық салдарынан балықтар жаппай қырылуда

Шығыс Қазақстанда аптап ыстық салдарынан балықтар жаппай қырылуда

Әлеуметтік желі қолданушылары жергілікті өзендерде өлі балықтың көптеп табылуын хабарлап, дабыл қағып жатыр.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы мамандарының айтуынша, бұл оқиғаға байланысты дүрлігудің қажеті жоқ: өңір тұрғындарына ешқандай қауіп төнбейді.

Мұндай балықты жеуге тыйым салынған, алайда өзендерге түсуге болады, өйткені балықтардың ауруы адамдарға жұқпайды екен.

"Мұндай климаттық жағдайда балықтар арасында кокцидиоз – ішек қуысы дерті асқынып кеткен. Қазір өлі балықтарды жою бойынша жұмыстар атқарылып жатыр", – деп мәлімет берді облыстық балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Рахымжанов.

Бұдан бөлек, мамандардың айтуынша, бұл кезеңде балықтардың қырылуы – қалыпты құбылыс, алайда жағдайдың ушығуына аптап ыстық себеп болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel