RU
Қазақстандықтар 29 млрд теңге қосымша еңбекақы алатын болады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар 29 млрд теңге қосымша еңбекақы алатын болады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған бес әлеуметтік бастама аясында Ұлттық экономика министрлігі жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуды қолға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандықтар 29 млрд. теңге қосымша еңбекақы алатын болады

Қазақстандықтар 29 млрд. теңге қосымша еңбекақы алатын болады

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Бастамаға сәйкес, жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету ұсынылады.

Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан аса адам алады. Негізінен, бұл ауыл шаруашылығы мен саудада.

Аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді.

Жұмыс нәтижесі бойынша, жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды.

Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.

Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі.

Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 млрд. теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады.

Казахстанцы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel