Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құда түсіп барған": Алматы облысында үш әйелді өлтірген қаскөй 20 жылға сотталды

Опубликовано:

Тоқсандағы қарияны мүгедек қызы және немересімен бірге асқан қатігездікпен өлтірді делінген Ілияс Қасеновты сот кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында үш әйелді аяусыз өлтірген қаскөй 20 жылға сотталды
Алматы облысында үш әйелді аяусыз өлтірген қаскөй 20 жылға сотталды: UGC

Мұндай жазамен марқұмдардың туыстары келісіп отырған жоқ. Жақындарының жантүршігерлік өлімі үшін олар оны өмірбақи темір торға тоғытуды сұрайды.

Өйткені, қылмыскер о баста айтқандай, «махаббат» үшін емес, үйлеріндегі азғантай алтынға қызығып, үш адамды пышақтаған деген пікірде.

Үш адамды қырып салған қаскөй сотта марқұмдардың өздерін кінәлаған. Айтуынша, сол күні үйлеріне құда түсіп барыпты. Алайда, анасы мен әжесі қызын бермеген соң, өзінше кек алған.

Тазагүл Лақбаева мен Дания Лақбаева оның ар-намысына тиетін сөздерді, яғни оның оқымаған, жетім екенін айтқан көрінеді. Сол сөздер оның намысына қатты тигендіктен, ол барлығын өлтіруді ойлап, ас үйдегі үстелдің үстінде жатқан пышақты алып, сол пышақпен бірінші Тазагүл Лақбаеваның мойын тұсына ұрған, сол кезде Дания Лақбаева мен Бекзат Лақбай оған қарай жүгірген.

Ол көзін жұмып алып, алдына келгендерге пышақты сала беріпті. Бірақ пышақтың кімнің, қай жеріне тигенін көрмеген.

Бір кезде басын көтеріп қарағанда, үшеуінің еденде қансырап жатқанын көреді. Ол пышақты алып, үйден шығып кеткен.

«Сезімнің жетегінде қылмысқа бардым» деген жігітке судья прокурор сұрағандай ең жоғары жазаны емес, 20 жыл кесіпті.

Десе де, сотта көз жасын көлдеткен Қасенов өзінің ғашығын да аямаған. Қызды ол жеті жерден тілгілепті. Ал 88 жастағы әжені жүрегінен, ал жүре алмайтын анасының күре тамырын осып жіберіпті.

"Пышақты сол үйден алған. Өз-өзін пышақтаған одан кейін. Өз-өзін пышақтап, құлағын кесіп, денесін жарақаттап, 7-8 жерден өзіне жарақат салған", - дейді марқұмның туыстары.

Осылайша күдікті өзінің денесін жарақаттап, тергеуді әбден шатастырмақ болған екен. Ал пышақты айдалаға лақтырып жіберіпті. Алайда, басты айғақ табылған соң өз құлағын өзі кескенін мойындауға мәжбүр болған.

"Бірден 3 адамды өлтіргеннен кейін ол келесі жолы 5-10 адамды өлтіруден шімірікпейді. Он саусақтың онында бір-бір сақинадан болу керек еді шешемізде. Сол 70-60 мыңның маңайындағы білезіктер. Бірақ соның бірін де біз таба алмадық", - дейді қайғыдан қан жұтқан отбасы.

Сорақысы сол, қылмыскердің айтуына қарағанда, ол кетерде үшеуі де тірі жатқан екен. Бірақ, күдікті қаңсыраған күйі тастап кеткен. Ал мәйіттер екі күн өткенде барып табылған.

Марқұм әжейдің соңында 10 баласы мен немере-шөбересі қалған екен. Осыншама адамды қан жылатқан қаскөй кешірімге ілігіп кетеді деп күдіктенген отбасы Жоғары сотқа арыз түсіріп, өмір бақи бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741376-kda-tsip-bargan-almaty-oblysynda-s-jeldi-ltirgen-kaskj-20-zylga-sottaldy/

pixel