RU
Әлем чемпионаты: Парамен ұсталған төреші футболдан өмір бойына шеттетілді
Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Парамен ұсталған төреші футболдан өмір бойына шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі әлем чемпионатына іріктеліп алынған кениялық төреші Айден Рэндж Марва жемқорлығы үшін футболдан өмір бойына шеттетілді. Ол мундиальға бас төрешінің көмекшісі ретінде қатысу керек болатын деп хабарлайды Африканың футбол конфедерациясына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Infox.ru

Көрнекі сурет: Infox.ru

Марвуды деректі фильмде байқап қалған - африкалық құрлық турнирі кезінде 600 доллар пара алып тұрғаны кадрға түсіп қалыпты. Фильмді Ганадан келген Анас Аремеяв Анас есімді журналист жариялаған, ол BBC Africa-да көрсетілді.

Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатындағы жұмысқа жүзге тарта төрешіні дайындаған. Кениялық азамат пара алғандардың екіншісі болыпты.

Осыған дейін Сауд Арабиясының төрешісі Фахад Аль Мирдаси командадан ұлттық кубоктың финалында көмек көрсетемін деп ақша талап еткен.

Айта кетер болсақ, Ресейдегі футбол турнирі 15 шілде күні аяқталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel