RU
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов басшылық қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов басшылық қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Астананың 20 жылдығына орай ашылған "Комедия" театрының басшысы болып Тұрсынбек Қабатов тағайындалды. Театрдың тұсаукесерінде сөз алған танымал әзілкеш алдағы жұмыс жоспары жайлы бөлісті деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов. Фото: 1show.kz

Тұрсынбек Қабатов. Фото: 1show.kz

Енді осы театр арқылы қазақстандықтар түрлі спектакльдерді қазақ тілінде тамашалай алатын болады. Театр ЭКСПО көрмесі аумағында "Энергия холлында" орналаспақ.

"Елімізде дарынды жастар көп. Әзіл-қалжың өнері қазаққа жат емес. Бұрын әзіл-сықақ кештерін өткізу үшін залдарды жалдайтынбыз. Ал енді өз ғимаратымыз бар. Мұның біздің шығармашылығымызға оң әсер етіп, жақын арада көрермендерімізді театр артистерінің орындауындағы әлемге танымал қойылымдарымызбен және премьералармен қуантамыз деп ойлаймын", - деді Комедия театрының директоры Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, театр базасында барша қазақстандықтар ұнататын "Әзіл әлемі", "Назар аудар", "КТА" ойындары бағдарламалары мен әзілкештердің авторлық өнер көрсетулерінен басқа, мектептер, колледждер ЖОО-лар арасында турнирлер өткізіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
1
4
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel