RU
Мезгілсіз өлім: Елімізде екі күннің ішінде 20 адам суға кетіп көз жұмған
Жаңалықтар Қоғам

Мезгілсіз өлім: Елімізде екі күннің ішінде 20 адам суға кетіп көз жұмған

Рассказать Вконтакте

Суға кетіп қаза тапқандар саны күн өткен сайын артып барады. Осы демалыстың өзінде ел аумағындағы өзен-көлдерде 20 адам көз жұмған. Қайғылы жағдайдың көбі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Астана қаласында болды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мезгілсіз өлім: Елімізде екі күннің ішінде 20 адам суға кетіп қалған

Мезгілсіз өлім: Елімізде екі күннің ішінде 20 адам суға кетіп қалған

Сондықтан құтқарушылардың рейд жүргізіп, оқыс жағдайдың алдын алуының кемі жоқ. Өйткені суға батқандардың түгелі дерлік шомылуға тыйым салынған жерде ажал құшқан.

Бірақ, бұған қарамастан Есілдің жағасына жатып, салқындап алғысы келетіндер көп. Өйткені, Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық.

Ал жаз маусымы басталғалы еліміз бойынша 137 адам суға батып өлген. Оның 53-і бала.

Жағада қызық қуған ата-анасы ұл-қыздарын көп жағдайда қараусыз қалдырады. Бұдан қалды, ішімдік ішіп, суға сүңгитіндер де көп.

"Көбі ішімдік ішіп алған. Біз өз құқығымызды білеміз, біз осы жерде малтаймыз деп өзімізге қарсы шығады. Біздің құтқарушыларға ауыр сөздер де айтады шыны керек", - дейді Астана қалалық ТЖД бөлімінің бастығы Эльдор Райымбеков.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel