RU
Қарағандыда оқитын үнді жігіті қазақ қыздарымен клип түсірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда оқитын үнді жігіті қазақ қыздарымен клип түсірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің студенті, үндістандық Дипаншу Дагар Қарағанды жайлы клип түсірді. Әннің әуені мен сөзін Дипаншудың өзі жазыпты деп хабарлайды ekaraganda.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодағы скриншот.

Видеодағы скриншот.

Жігіт өзін репермін деп санайды. Әнін де, сөзін де өзі жазады екен. Осы жолы ол кәсіби видеографтың арқасында "Ram Ram Saa" әніне клип түсірген. Қазақша аударғанда әннің аты - "Сәлем".

"Бұл ән әр түрлі елдер мен адамдардың достығы жайлы. Сондай-ақ, менің әнім тек ізгі қадам жасауға үгіттейді, яғни қиындық туып жаста, еш мұңаюдың қажеті жоқ. Мен осы жайлы айтамын", - деді Дипаншу Дагар.

Үнді азаматының айтуынша, бұл ән Қарағандыда тұратын адамдар жайлы. Дипаншу ұлттар достығын айта отырып, шетелдіктер де қарағандылықтар секілді осында өздерін өте жақсы сезінетіндерін жеткізгісі келген.

"Біз Қарағандының көпұлтты қала екенін көрсеттік. Қандай әдемі екенін баяндадық. Орталық саябақ, Гоголь көшесін, Тәуелсіздік алаңы мен басқа да жерлерді бейнеледік", - деді Дипаншу.

Клипке тек медициналық университеттің студенттері ғана емес, сондай-ақ қала тұрғындары да қатысыпты. Репер соларға алғысын білдірді.

"Барлық қарағандылықтарға қолдауы мен көмектері үшін алғысымды білдіргім келеді. Бізге өте жылы қарайды. Мұндай қарым-қатынасты өте сирек кездестіруге болады. Түсірілімге қатысқан барлығына алғысым шексіз. Қарағандыда клип түсіру - біз үшін қуаныш", - дейді Дипаншу.

13 жасынан бастап ән жазатын жігіт биыл бесінші курсын тәмамдайды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel