RU
BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті
Жаңалықтар Қоғам

BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті

Рассказать Вконтакте

BI Group компаниясы Алматыда тағы бір тұрғын үй кешенін тұрғызады. Жаңа тұрғын үй кешен Райымбек даңғылының бойында, Қарғалы өзенінің батыс жағында орналасады. «Стандарт» санаттағы тұрғын үй - комфорт санаттағы үйдің барлық артықшылығына ие.

BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті

Бұл жайында толығырақ жоба жетекшісі Денис Шаманов әңгімелеп берді:

«Біз болашақ тұрғындардың жайлылығы үшін тұрғын үй кешенде барынша жағдай жасаймыз. Бұл әрине, күнделікті тұрмысқа қажетті супермаркеттер, дәріхана, сұлулық салондар, яғни кешенде коммерциялық орындар болады. Сонымен қатар, жобада «Балалар орталығы» қарастырылған. BI Group стандарты бойынша холлдардың өз авторлық дизайны болады, сондай-ақ шетелде жасалған жүк және жолаушыларға арналған дыбыссыз лифтілер үздіксіз қызмет етеді. Аулада жүгіру және вело жолы болады. Тұрғындар үшін маңыздысы – ауладағы қауіпсіздік, сондықтан кешен аумағын бейнебақылау мен күзет қызметі бақылайды. Аулаға көлік қойылмайды, бірақ келген қонақтар үшін арнайы тұрақ орны қарастырылған».

BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті

Жоба менеджері Серікжан Сәрсенбектің айтуынша, құрылысшылар алматылықтар үшін бағасы бойынша қолжетімді, ал сапасын барынша жоғары болуы үшін бар күшін салуда. Пәтер бағасы 7,9 млн теңгеден басталады, ал көлемдері 36 шаршы метрден жоғары. Бастапқы баға – 1 шаршы метр үшін 224 000 теңге. Қабаттылығы – 12-ден 16-ға дейін.

Жаңа Gúlder тұрғын үй кешені Наурызбай ауданы, «Қалқаман-2» шағын ауданының көрікті орнына айналмақ. Бұл жерде алматылықтар үшін белгілі Aport сауда орталығы орналасқан. Қазірдің өзінде Наурызбай ауданы қарқынды дамуда, мұнда халыққа қызмет көрсету, прокуратура, мектептер және емханалары бар әкімшілік орталық жұмыс істеуде.

BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті

Үйден бірер шақырым жерде 2 мектеп бар, тағы бірі салынуда. Сондай-ақ ауданда мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, дарынды балаларға арналған бірнеше гимназия жұмыс істейді.

Бүгін қаланың батыс бөлігінде тұратын алматылықтар үшін BI Group үшінші сату орталығын ашты, мекен-жайы: Райымбек даңғылы, д. 540/5. Енді жергілікті тұрғындар қаланың басқа ауданына бармай-ақ, осы жерден үй жайында толыққанды мәлімет ала алады. Сату орталықтың терезесінен салынып жатқан жаңа Gulder тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы көрінеді. Сату орталықтың 25 орынды көлік тұрағы бар.

Gúlder тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі 2019 жылдың 2-тоқсанында тапсырылады.

BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті

Ақпарат сұранысты зерттеу мақсатында және әлеуетті тұтышушыларға жаңа тұрғын үй кешен туралы мағлұмат беру үшін ұсынылды. Үлестік қатысу туралы шарт «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алынғаннан кейін жасалады.

BI Group Алматыда тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысына кірісті

Сіздерді BI Group компаниясының жаңа жобаларымен танысу үшін Алматыдағы сату орталықтарына шақырамыз, мекен-жайлары:

Райымбек даңғылы, 540/5

Самал-3 шағын ауданы, Меңдіқұлов көшесі, 25

Егізбаев көшесі, 7/9, «Асыл Тау» тұрғын үй кешені

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel