RU
Қытайда қып-қызыл қанға боялған өзен жұрттың зәресін ұшырды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Қытайда қып-қызыл қанға боялған өзен жұрттың зәресін ұшырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Сычуань аймағына қатысты Ибинь қаласының тұрғындары желіге елді-мекен бойына ағып өтетін өзеннің суреттерін жарыса жүктеуде. Оған Сянби су қоймасының қан түсіне боялуы себеп болса керек деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: planetanovosti.com

Фото: planetanovosti.com

Өзеннің қызыл түске өзгеріп кеткені жергілікті халықты біраз әбігерге түсірген. Ибинь қаласының әкімшілігі бұл орын алған жайтқа зауыт-фабрикаларды кінәләуда. Олардың айтуынша, өзен түсінің өзгеруіне оған тасталынған бояулар себепкер.

Зауыт басшылары бұл айыптауларды жоққа шығарып, өздерін ақтауға әлек болған. Олар тастайтын қалдықтар құрамында бояулардың жоқ екенін айтты. Алайда, бұл жағдай фабрика басшыларын айыппұл төлеуден құтқарған жоқ.

Алдағы уақытта, өзенді тазарту шараларымен эколог мамандар білек сыбана айналыспақ. Олар лас су жақын арада өз түсіне қайта оралатынын айтып сендірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
3
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel