RU
Алланың атымен айғай шығарған ер адамды полицейлер өлтіріп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Алланың атымен айғай шығарған ер адамды полицейлер өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Францияның Вик-сюр-Эн коммунасында белгісіз ер адам темір таяқпен тұрғындарға шабуыл жасауға тырысқан деп хабарлайды Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Ox.Az

Сурет: Ox.Az

Куәгерлердің бірі 30 жастағы ер адамның көшенің бойында тұрған көліктерді қирата бастағанын айтты.

Кейін ол үйлердің бірінің қоршауынан секіріп өтіп, "Аллаху акбар!" деген айғаймен есіктерін сындырған.

Бірнеше минутын жоғалтып, ішіне кіре алмағаннан кейін көшеге қайта шығып, жол белгілерін сындыра бастапты.

Осы уақытта оқиға орнына полицейлер келіп жетті. Қарсылық танытқан ер адамға қарсы электрошокты тапаншалар қолданылған.

Үш оқтан кейін ер адам жерге құлап түсіпті. Құқық қорғаушылары оған жақындаған кезде ол өзін нашар сезінген.

Көрсетілген көмекке қарамастан ол қайтыс болды.

"Ол сау адамға тән емес қылықтар көрсетті. Айғайлап, шу шығарды", - дейді тұрғындардың бірі.

Куәгердің айтуынша, шабуылдаушы ер адам есірткінің әсерімен осындай қадамға барған.

Ер адамның пышақпен де қаруланғаны белгілі болды.

Оның тұлғасы мен қылмысқа итермелеген жайттар анықталып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel