RU
Сасық аяқ киімнің кесірінен автобус жол апатына ұшырады
Жаңалықтар Әлемде

Сасық аяқ киімнің кесірінен автобус жол апатына ұшырады

Рассказать Вконтакте

Кенияда автобус аяқ киімнен шыққан жағымсыз иістің кесірінен жол апатына ұшырады деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Обои для рабочего стола

Көрнекі сурет: Обои для рабочего стола

Автобус Найробиге қарай беттеп бара жатқан. Жолдан сырғып кетіп, аударылып түсіпті. Нәтижесінде 42 адам зардап шегіп қалды. Оның ішінде 11 бала. Барлық жапа шеккен адамдар ауруханаға жеткізілді. Бір адам қайтыс болып, екеуінің жағдайы әлі нашар.

Жапа шеккендердің бірі жол апатының алдында жүргізуші механикпен жағымсыз иісі бар аяқ киімі үшін ұрысқанын айтты.

"Автобус механигі жүргізушіге аяқ киімін иіскетуге берген. Бұл менің соңғы көрген дүнием болды. Қатты дыбыс шықты, бір қарасам, ауруханадамын", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
3
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel