RU
Қазақ жігіттерімен суретке түскен Хорватия президенті жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Әлемде

Қазақ жігіттерімен суретке түскен Хорватия президенті жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Қарапайым ет сатушының қызы болған, бүгінде Хорватия тарихындағы бірінші әйел президент дәрежесіне дейін көтерілген Колинда Грабар-Китарович жайлы NUR.KZ порталы ofigenno.ru-ға сілтеме жасай отырып айтып береді.

Колинда 1968 жылы ет сатушы мен үй шаруасындағы әйелдің отбасында дүниеге келген. Бала кезінде аспансерік немесе аудармашы болуды армандаған.

Ата-анасы оны Ксения деп атағысы келіпті, бірақ сол уақытта танымал хорват әні "Колинда" жарыққа шыққан кез еді. Сондықтан оған осындай есім берілді.

17 жасында АҚШ-қа оқуға кеткен Колинда елге оралғасын Загреб университетіне магистратураға түсті.

24 жасында Хорватияның Ғылым және технология министрлігінің халықаралық ықпалдастық департаментінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2003 жылы парламентке сайланып, кейін европалық интеграция министрі болды.

2015 жылы президенттік сайлауға қатысып, сайлаушылардың 50,42 % дауысын жинап, жеңіске жетті.

Яков есімді күйеуімен университетте жүргенде танысқан. Олардың Катарина мен Лук есімді балалары бар.

Хорватия президенті футболмен шұғылданады, саяхаттағанды ұнатып, тіпті ұшақта да пилот бола алады екен.

Әлем чемпионаты кезінде Хорватия Даниямен ойнайтын матчқа Колинда эконом-класспен ұшып келді. Онысымен қоймай, аса құрметті меймандарға арналған орында отырмай, қарапайым жанкүйерлер жаққа барып тұрған.

Хорватия жұрты Колиндаға "халық президенті" деген атақ берген.

Еске салайық, Хорватия президенті ширекфинал кезінде өз эмоциясын жасыра алмай Дмитрий Медведевтің алдында билеген.

Сонымен қатар, Колиндамен суретке түскен ақтаулық жігіттер желіде "жұлдыз" болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
5
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel