RU
Аяғына қаңылтыр киіп жүрген сириялық сәбиге "жаңа аяқ" сыйланды
Жаңалықтар Әлемде

Аяғына қаңылтыр киіп жүрген сириялық сәбиге "жаңа аяқ" сыйланды

Рассказать Вконтакте

Аяғының жартысы кесілгендіктен консерві банкісін киіп жүрген сириялық қызға жасанды аяқ сыйға берілді. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Аяғына консерві банкісін киіп жүрген қызға протез сыйланды

Аяғынан айырылған сириялық қыз. Фото: lenta.ru

Ол аяқсыз туылған сондықтан орнына әкесі консерві қаңылтырынан дайындап берген банкі киіп жүруге мәжбүр болған.

Оның суреттері Идлибтағы босқындармен бірге желіде пайда бола салысымен оны Түркияға алып келді.

Майя және бес баланың әкесі Мохаммад Идлиб қаласына Алепподан қашып келгендерін айтты.

"Біз көп қиындық көрдік, әсіресе көшіп-қонған кезде далада қонуымызға тура келді. Бізге Майя бір орында жата бермес үшін бірнәрсе ойлап табуға тура келді", - дейді әкесі.

Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршін алдағы үш айдың ішінде жасанды аяқпен жүруді үйреніп, әкесінің батылдығы үшін алғыс білдіреді.

"Ол қолынан келгеннің бәрін жасады және Алла оған көмектесті. Сіздер бұны өз көздеріңізбен көрмесеңіздер, сенбейтін едіңіздер", - дейді дәрігерлер.

Айта кетер болсақ, Сирияның ең үлкен қалаларының бірі Апеллода 2012 жылдан бастап мемлекеттік қарулы күштер мен террорлық топтар, сонымен қатар «Ислам мемлекеті» ұйымы арасында азаматтық соғыс өтіп жатыр.

2016 жылы Апелло Сирия Араб әскерінен толықтай босатылған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel