RU
Танымал әнші фантазиясы бітіп қалған Алматы әкімін сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әнші фантазиясы бітіп қалған Алматы әкімін сынға алды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева Алматының қақ ортасында пайда болған тиіннің мүсініне қатысты өз ойымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: instagram/mira_tusupbaeva

Сурет: instagram/mira_tusupbaeva

Әнші өзінің Facebook-тегі парақшасында Алматыдағы "Атакент" көрме орталығының алдында пайда болған алып тиіннің мүсініне қатысты жазбасын жариялаған. Онда ол фантазиясы бітіп қалған Алматы әкімшілігін сынап, 21 млн теңге қаржы жұмсалғанына сенбей дал болып отыр.

Мира Тусупбаева/facebook

Мира Тусупбаева/facebook

"Белка-деп жазайыншы.... Әсем Алматыда 21 млн теңге қаржы жұмсалған (сенейін бе?) алып-огромная тиін мүсіні (памятник) пайда болғаны қала тұрғындарын таңғалдырмай қойған жоқ.... Неге белка??? 21 млн теңге деген сұрақ мені де мазалайды....Негізі біз түрікпіз, түркі тілдестерді, біздерді қасқыр асыраған деген талай аңыз бар (көкжалдың сүтін емген... тағы басқа болжам көп қой...) Өз пікірім-қасқырдың мүсіні болса-келісер едім. Неге? Кім біледі? Алматының символы-апорт еді...Көнеден....", - деп жазған әнші желідегі парақшасында.

Еске салайық, Алматыда 24 млн теңге жұмсалған алып тиіннің мүсіні пайда болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
2
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel