RU
Астанада дүркіреп өткен концерттен соң бас алаң қоқыс астында қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада дүркіреп өткен концерттен соң бас алаң қоқыс астында қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерттен кейін, бас алаңның астан-кестені шығып, күл-қоқысқа толып қалған. Жергілікті тұрғындар мұндай "ерсі әрекетке" республиканың түкпір-түкпірінен келген қала қонақтары барады дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Астанада елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылғын мерекелік шаралардан соң, тұрғындар әлі де естерін жиятын емес. Олар Қазақстанның өзге аймақтарынан келген тұрғындардың көптеп келгені соншалық, қалада жүріп-тұру мүмкін болмай қалғанын айтуда.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Биыл ғана емес, жылдағы дәстүр ғой? Ондайда жергілікті тұрғындар Бурабайға бас сауғалап кетеді. Биыл баламыз ауырып, шет жаққа шыға алмай қалдық. Содан орталық алаңдағы концертке барған едік, "қайдан бардымға" душар болдық. Ығы-жығы адам, алаңда ине шаншар орын жоқ болып шықты. Өкініштісі, концерттен кейін алаң қоқысқа толып қалды. Адамдар концертті көру үшін емес, тамақ жеп, су ішу үшін келген сияқты. Сорақысы сол, өздерінен кейін, қоқысты жинамай, алаңның астан-кестенін шығарды. Қазір енді алаңды жинап та қойған шығар, бірақ өткенде дәл солай қоқыс шашылып жатқан еді", - дейді астаналық көп балалы ана.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сонымен бірге ол, қазақстандықтарды "мәдениетті болуға әрі қоғамдық жерлерде тәртіп сақтауға" шақырды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Өткенде ғана БАҚ беттерінде әлем чемпионатында жапондықтар мен басқа да халықтардың матч біткеннен кейін стадионды тап-тұйнақтай етіп жинап, қоқысты лақтырып кеткендіктерін естіген едім. Соны ойласам, бізге жапондықтарға жету қайда деп қалдым. Қоқысты қоқыс жәшігіне тастаудың өзі – қарапайым мәдениет пен этиканың белгісі. Көш жүре түзеледі, ел тұрғындарына айтарым, қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, әдеп пен мәдениетті сақтап жүрейік", - деді қала тұрғыны.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel