RU
Күйеуін көңілдесімен бірге ұстап алған келіншек айласымен бөлісті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Күйеуін көңілдесімен бірге ұстап алған келіншек айласымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Күйеуінің көңілдесі пайда болғанын біліп, оларды аңдып жүріп бірге ұстап алған келіншек өз әңгімесін айтып берді. Бұл туралы Fishki.net сайтына сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды.

Күйеуіңіздің көңілдесі бар екенін қалай білуге болады?

Күйеуіңіздің көңілдесі бар екенін қалай білуге болады?

Олар тату-тәтті отбасын құрған соң тұңғыш сәбилері өмірге келеді. Алғашында барынша көмегін аямайтын жары кейіннен кешкі мезгілге жұмыс бабы бойынша тапсырыстар қабылдай бастайды.

Осылайша аптасына бірнеше рет түнгі уақытқа таман кетіп қалуды шығарады. Осы жағдайдан кейін келіншек күйеуінің өтірігін ашуға бел байлайды.

Ол алдымен жарының ұялы телефонын тексереді. Дегенмен ол тапсырыс арқылы жұмыс жасайтын болғандықтан әйел адамның жазған хатын табу мүмкін емес еді.

Оның үстіне күйеуі де сақ болып шықты: кешкі уақытта телефонмен сөйлеспейді немесе дәретханада ұзақ уақыт тығылып отырып алмайды.

Кейін келіншек жұбайын жұмыстан күтіп алуға кіріседі. Ал таңертең көлікпен анасының үйіне апарып тастауын да бірнеше рет өтінеді.

Ақылды келіншек осы сәтте көліктегі спидометр арқылы жарының үйден қанша қашықтыққа кетіп жүргенін біліп алған. Нәтижесінде көңілдестің үйі 17-20 км қашықтықта болып шықты.

Сосын карта арқылы сол аралықтағы барлық дүкендер мен ойын-сауық орталықтарын қарап шығады.

Ал енді келесі қадам мұқияттылықты талап етеді. Келіншек жарының қалтасындағы чектерді жинап бастаған. Солар арқылы дүкеннің аты мен орналасқан жерін нақты біледі.

Содан соң сол ауданға барып, аулада ойнап жүрген кішкентай балалардан сұрастырады. Тіпті күйеуінің көлігінің нөмірін айтып, ол «ағайдың» нақты қай үйде тұратынын біліп берулерін сұрайды. Ал айырбас ретінде балалардың қолына тәтті ұстатады.

Келесі күні балалар кешке аулаға келген көлік пен бейтаныс «ағайдың» қай үйге кіріп кеткенін айтып хабарласады. Осымен шаруа бітті.

Келіншек күйеуі әдеттегідей кеш бата тапсырысқа жөнелгенде оны артынша таксиге отырып соңынан барады. Осылайша қулығын асырған келіншек күйеуі мен көңілдесінің үстінен түскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
2
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel