RU
Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда "Лада" көлігінің жүргізушісі автобустан шыққан қызды қағып кетті. Түрлі жарақат алған ару жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: zaleskiy.com

Иллюстрациялық фото: zaleskiy.com

Оқиға Момышұлы көшесінде, Жұбанов көшесіне жетпей болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, 31-ші бағдарлы автобус Момышұлы көшесімен сол жақтағы шеткі жолақта оңтүстік бағытта кетіп бара жатады.

Жұбанов көшесіне жетпей, жүргізуші қызылға тоқтап, жолаушыларды рұқсат етілмеген жерден түсірмек болған.

Сол кезде алдыңғы есіктен қыз түседі. Өтіп бара жатқан "Лада Ларгус" жүргізушісі тоқтап үлгермей, қатты жылдамдықпен қызды қағып кеткен. Әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel