RU
Қырғызгидромет: Қостанай облысында күн 70 градусқа дейін ысып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қырғызгидромет: Қостанай облысында күн 70 градусқа дейін ысып кетті

Рассказать Вконтакте

Қырғызгидрометтің басшысы Зарылбек Итибаев Қырғызстанда +60 градустан асқан ыстықты Қазақстанның Қостанай облысымен салыстырды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Типичная Шатура сайтынан алынды

Көрнекі фото: Типичная Шатура сайтынан алынды

Оның сөзінше, 8 шілдеде елдің оңтүстігінде күн түсетін жерлерде +60…+64 болса, көлеңкеде +40 градустан жоғары болған. Ал Бішкекте ауа 64 градустан жоғары температураны көрсеткен.

9, 10, 11 шілдеде Қырғызстан астанасында ауа температурасы +60 градустан да жоғары болады деген Қырғызгидрометтің басшысы елдегі аптап ыстықты көрші Қазақстанмен салыстырды.

"Бұл тек бізде ғана емес. Мәселен 8 шілде күні Қазақстанның Қостанай облысында ашық жерлерде ауа 68-70 градусқа дейін қызды", - деп мәлімдеді Итибаев.

Қырғызгидрометтің мәліметінше, елдегі аптап ыстық 20 шілдегеге дейін сақталмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel