Маңғыстауда 33 жастағы ер адам туған анасын ұрып, өлтірді
Маңғыстауда 33 жастағы ер адам туған анасын өлтірді деп айыпталуда. Бейнеу ауылының 77 жастағы тұрғыны өз үйінен өлі күйінде табылған деп хабарлайды tumba.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: iz.com.ua
Мамандар денені тексеру барысында зорлық-зомбылық іздерін байқаған. 77 жастағы тұрғынның ұлы үйінде жанжал шығып, анасын қатты ұрғанын мойындаған.
Алған дене жарақаттарынан қария оқиға орнында қаза тапқан екен.
Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Сіздің реакцияңыз
1
1
5
7
0
0
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір