RU
Тиматиді мойындатқан отандық әншінің бейнебаяны көпшілікке жақпай қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тиматиді мойындатқан отандық әншінің бейнебаяны көпшілікке жақпай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі ресейлік шоуға қатысып, танымал продюсердің қол астына кірген отандық жас әнші Назиманың алғашқы бейнебаяны көпшілікке жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Нәзима Жәнібекова. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды

Нәзима Жәнібекова. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды

Осы жаздың атышулы оқиғаларының біріне айналған шымкенттік Назима танымал рэпер Тиматимен бірге шығармашылық жұмысын бастап та кетті. Жоба аяқталған соң продюсер оған ұзақ мерзімге шығармашылық келісім шарт ұсынған болатын.

Назима оны қабыл алып, Мәскеуге көшіп кеткен отандасымыз алғашқы бейнебаянын да түсіріп үлгерді. Ресейлік әнші Скруджимен айтқан "Real One" әніне түсірілген бейнеклип әншінің отандастарына ұнамай қалған секілді.

Желі қолданушылары әсіресе Назиманың бейнебаяндағы ашық образдарын жақтырмай қалды. Олар "Назимадан бұндайды күтпеп едім", "Шетелге еліктейтіндер көбейді-ау", "Қазаққа тән емес", "Қазақ қызы орыс тілде тәрбие алса, түбі арсыздыққа әкеледі" деп пікір білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel