RU
Пәкістанның экс-премьері жемқорлық әрекеттері үшін он жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Пәкістанның экс-премьері жемқорлық әрекеттері үшін он жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Жемқорлық әрекеттері әшкереленген Наваз Шариф 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақшасы болмаса да Англияның қақ ортасынан пәтерлерді сатып ала берген шенеуік 10,6 млн доллар көлеміндегі айыппұл төлеуі тиіс деп хабарлайды kaktakto.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Getty Images/ S.Gallup

Фото: Getty Images/ S.Gallup

Исламабадтың антикоррупциялық комитеті бұрынғы премьер-министрмен қоса оның қызы Мәриям Шариф пен күйеубаласы Сафдар Аванға да қатысты үкім шығарды. Наваз Шарифтің қызы 7 жылға сотталып 2,6 млн доллар айыппұл төлеуге міндеттелсе, оның күйеуі бар-жоғы бір жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұл іске қатысты қылмыстық іс "Панамалық оқиға" жайлы жазбаның жариялануы нәтижесінде қозғалды.

Фото: Getty Images/ S.Gallup

Фото: Getty Images/ S.Gallup

Тергеуші-журналистердің халықаралық тобы пәкістандық экс-премьердің Лондондағы төрт пәтері бар екенін анықтаған. Шариф ақшасы болмай тұра өзіне қымбат баспана алып тұруды тоқтатпағаны зерттеушілерге күдікті көрінді.

Пәтерлер шенеуіктің балаларының атына жазылған фирмалар арқылы сатып алынып отырғаны да мәлім болды. Өз кезегінде, Шариф баспананы катарлық инвестициялары арқасында алғанын айтып ақталды.

Ол тіпті, сот өкілдеріне Катар ханзадасының жолдаған хатын да ұсынған болатын. Алайда, бұл жайт қылмыстық іс барысында қарастырылуға алынбай қойған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel