RU
Азия ойындарында бокстан ел намысын қорғайтын азаматтар анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Азия ойындарында бокстан ел намысын қорғайтын азаматтар анықталды

Рассказать Вконтакте

Джакартадағы жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар анықталды. Бұл жайында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мырзағали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Мырзағали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Спортшыларымыз 49 бен 74 келі салмақ аралығында ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов - 49 келі салмақта болса, Азат Махметов - 52 келіде жұдырықтаспақ.

Ал 56 келі салмақта шаршы алаңға Қайрат Ерәлиев шықса, 60 келіде Саматәлі Толтаев бағын сынайды.

Сондай-ақ Бекдәулет Ибрагимов 64 келіде, Асланбек Шымбергенов - 69 келіде, Әбілхан Аманқұл 74 келі салмақта ел атынан Джакартадағы спорт кешіне аттанады.

"Бұл құрамды бапкерлер кеңесі Президент кубогі мен өзге де жарыстардың қорытындысына қарап бекітті. Өкінішке қарай, салмақ дәрежелерін азайтып тастағаны бізді кем дегенде екі медальдан айырып отыр. Осы құраммен төрт немесе бес жүлде, оның ішінде екі алтын ұтамыз деген ойдамын", - дейді Мырзағали Айтжанов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel