RU
Астанада ер адам сауда орталығына келген қыздардың мазасын қашырды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ер адам сауда орталығына келген қыздардың мазасын қашырды

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияға хабарласып, елордалық сауда орталығында орын алған оқиға жайлы ақпаратымен бөлісті. Ол орталыққа келген қыз-келіншектерге тиіскен ер адамның ақылға қонымсыз әрекеттерін бейнекамераға түсіріп алған.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Видеода ешкімге көне қоймаған ер азамат өзіне кедергі болған адамдарды жерден алып, жерге салып боқтап жатқаны көрініс тапты. Оған қоса, ер адам өзінің түрмеге отырып шыққанын жария салды. Анықталғандай, ол сауда орталығына келген қыз-келіншектерге тиісе берген.

Орталық әкімшілігінің мәлімдеуінше, ғимарат вокзалдың қасында орналасқандықтан бұл жерге үй-күйі жоқ кезбелер жиі келіп тұрады.

"Полицияға хабарласудың қажеті жоқ. Олар керісінше, қиындық туғызады. Біз бірнеше мәрте хабарлағанымызда да, дала кезбелері ертесіне қайтадан сауда орталығына келе берді", - деп айтты орталықтыі әкімшілік өкілі.

Дегенмен, оқиғаның бейнежазбасы Астананың ІІД-не табысталды. Олар оқиғаға қатысты мәлімдемені кейінірек жасайтындарын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel