RU
"Махаббатқа шекара бөгет емес": Сүйіктісін Өзбекстаннан тапқан жігіт кім?
Жаңалықтар Әлемде

"Махаббатқа шекара бөгет емес": Сүйіктісін Өзбекстаннан тапқан жігіт кім?

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан тумасы Шахсанам мен қырғызстандық жігіт Эмирланның махаббаттарына шекара бөгет болмаған. Ер азамат жүрегінің қалауын өзбек жерінде емес, Ресей астанасы Мәскеуде тапқан деп хабарлайды azattyk.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azattyk.org

Фото: azattyk.org

Жұмыс барысымен Мәскеуде болған Эмирлан сүйіктісімен үш жыл бойы кездесіп жүрген. Уақыт өте келе Шахсанамды өмірлік серігі екеніне көзі жеткен ол, үйленуге бел буды.

Бастапқыда үй-іштерінің қарсы болуынан сескенген ғашықтар бір-бірінсіз өмір сүре алмасын түсініп, ештенеге қарамастан отбасын құрмақ болды. Оларды тіпті екі ел арасындағы қиын қарым-қатынас та тоқтатпаған.

Жастардың ата-аналары олардың шешімдерін бір ауыздан қолдаған.

"Бастысы балаларымыз бақытты болса болды. Қалғаны мүлде маңызды емес. Керісінше. енді Өзбекстанға құда-құдағиларымызға жиі барып тұратын болдық. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсы жағынан жандлануына себепкер осындай оқиғалар бола берсін дегім келеді", - деп айтты жігіттің анасы.

Бүгінде, Эмирлан мен Шахсанам барлық дәстүр мен заңдылық бойынша ерлі-зайыпты деген атауға толығымен ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel