Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ми қайнатар ыстық": Түркістан облысында температура 47 градусқа дейін көтеріледі

Опубликовано:

Синоптиктер 15-сі мен 20-сы аралығында Түркістан облысының аумағында екінші аптап ыстық басталып, ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: shakhty.su
Көрнекі фото: shakhty.su: UGC

Синоптиктер әсіресе, аптап ыстық Қызылқұм, Арыс, Түркістан аймағында сақталатынын айтады. Сондықтан мамандар ол күндері облыс тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Дегенмен алдағы 5 күнде солтүстік-батыстан салқын ауаның келуіне байланысты Түркістан облысында аптап ыстықтың беті қайтуы мүмкін. Бірақ соның өзінде +35+40 градус ауа температурасы сақталмақ.

Ауа райын болжаушылар бұл – облыс аумағы үшін қалыпты жағдай деп отыр.

"Екінші аптап ыстық бізде шілде айының 15-інен басталады. Ол кезде 45 градус ыстық болады деп күтілуде. Қатты ыстық бізде шөлді аймақтарда, солтүстік Арыс, Түркістанда 45-47 градус болады деп отыр. Ол уақытқа дейін біз халыққа хабарлама жіберіп отырамыз", - дейді "Қазгидромет" РМК Түркістан облысы филиалының инженер-синоптигі Салтанат Қоныс.

Жалпы қатты ыстық Түркістан өңірінде шілденің 1-і мен 10-ыны аралығында өтті. Бұл күндері жедел жәрдем шақыртқандардың саны да артқан. Қаладағы шұғыл жәрдем бөліміне бір тәулікте 1800-ге жуық қоңырау түсті.

103-ке хабарласқандардың басым бөлігі тыныс жолында ақауы барлар мен жедел респираторлы вирустық инфекциясы және қан қысымы көтерілгендер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741539-mi-kajnatar-ystyk-trkistan-oblysynda-temperatura-47-graduska-dejin-kteriledi/

pixel