RU
Түркістан облысын кезіп жүрген қонжықты жұрт қуып жүріп, видеоға түсіріп алған
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысын кезіп жүрген қонжықты жұрт қуып жүріп, видеоға түсіріп алған

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында мекенінен адасып қалған қонжықты ауыл тұрғындары видеоға түсіріп алып, желіде жарыса бөлісуде. Жыртқыш аңның емін-еркін жүруі бұл өңірде бұрын-соңды болмаған жайт деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Куәгерлер кішкентай қонжықты Түлкібас ауданындағы Састөбе зауытының маңында байқаған екен. Оның 40 км қашықтықта орналасқан Тянь-Шань тауының жағасындағы мекенінен ауыл маңына қалай келгені белгісіз.

Куәгерлердің айтуынша, ол екі күн бойы адасып жүрген. Біраз уақыттан кейін желіде аюды бірнеше адамның көлікпен қуып, камераға түсіріп жүрген видеосы пайда болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel