Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытты отбасы болуы үшін той кезінде нені ұмытпауы керек?

Опубликовано:

Үйлену тойы жастардың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі. Ел ішінде той қалай өтсе, жас жұбайлардың да өмірі солай өтеді деген ырым-тыйымдар бар. Той кезінде қалындық пен күйеужігіт міндетті түрде орындау керек ырымдарды allwomens.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Көрнекі фото: allwomens.ru
Көрнекі фото: allwomens.ru: UGC

Қалыңдыққа арналған жақсы жоралғылар

1. Той болардан бір күн бұрын қалыңдық түнгі көйлегін теріс қаратып киіп жату керек. Бұл арқылы жас келін енесінің махаббатына ие бола алады. Ал сұлулығын өмір бойына сақтап қалу үшін, жастығының астына айна қойып ұйықтаған дұрыс екен.

2. Қалыңдық той алдында барынша көп жылау керек. Оның көз жасы отбасылық өмірде бақыт алып келеді деген ырым бар. Дегенмен оны тек ата-анасы ғана жантебірентерлік сөздермен жылата алады.

3. Қалыңдықтың ақ көйлегі міндетті түрде бүтін болғаны дұрыс. Егер корсет пен белдемше бөлек болса, келешекте жастар ажырасып кетуі мүмкін деген ырым бар.

4. Той көйлегінің ұзындығы жастардың өтбасылық өмірінің ұзақтығын білдіреді. Сондықтан кейбір қыздар барынша ұзын көйлектер таңдап жатады.

5. Қалыңдыққа көз тиіп кетпес үшін ақ көйлектің ішкі жағына қара немесе көк түсті жіппен сүйментамырды тігіп қоятындар да бар.

6. Қалыңдыққа той көйлегін киюге тұрмысқы шыққанына жеті жыл болған әйел кісі көмектесуі керек.

7. Жас келіннің туфлиі оның аяғын толығымен жауып тұрса, жолы ақ болады деп жориды.

Көрнекі фото: allwomens.ru
Көрнекі фото: allwomens.ru: UGC

Күйеужігітке арналған жақсы ырым-тыйымдар

1. Күйеужігіттің өзі таңдап алған неке жүзігі бақытқа апарады деген жорамал бар.

2. Егер күйеужігіт аяқ-киімінің табанына тиын салып қойса, отбасылық өмірде материалдық жағынан тапшылық болмайды екен.

3. Қалыңдықты үйге көтеріп кіргізу – жанұяға бақыт, береке, қуаныш алып келу деген сөз.

4. Той күні тәттілерді барынша көп жеген күйеужігіт келіншегіне бақытты сәттерді көп сыйлайды.

Тойдағы жаман ырымдар

1. Қалыңдық тойдың соңына дейін гүлдерін өзіне қалдырғаны дұрыс, себебі гүлді өзгеге ұстату өз бақытын біреуге бере салуды білдіреді. Сонымен қатар той көйлегіне де мұқият болыңыз, ақ көйлектің жыртылуы – енеңізбен нашар қарым-қатынасқа апарып соқтырады.

2. Тойдан кейін неке жүзігін жоғалтып алу, жастардың болашағына кері әсерін тигізуі мүмкін.

3. Той көлігін қуыршақтармен безендірмеген дұрыс. Себебі болашақ сәби өлі күйінде туылуы мүмкін.

4. Жас жұбайлар отыратын орында ештене шашылып жатпағаны керек, қиқымдар олардың арасында ұрыс болатынын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741545-bakytty-otbasy-boluy-sin-toj-kezinde-neni-mytpauy-kerek/

pixel