RU
Адамдар өлер алдында қандай 5 нәрсеге өкінеді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Адамдар өлер алдында қандай 5 нәрсеге өкінеді?

Рассказать Вконтакте

Көп жылдар бойы ауруханада жұмыс істеген медбике адамдардың өлер алдында не нәрсеге өкінетінін жазып алып отырған. Оның айтуынша олар жан тапсырар алдында бес нәрсе үшін қатты өкінеді екен деп хабарлайды "Офигенно" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Австралиялық медбике Бронни Вэр 12 жыл бойы өмірге қатерлі ауруға шалдыққан адамдарды қараған. Ол өмірінің соңғы күндерін өткізіп жатқан адамдардың өкініштерін жазып алуды әдетке айналдырыпты.

Бронниді таң қалдырғаны ол адамдардан не нәрсеге өкінетінін сұрағанда, олардың көпшілігі бірдей жауап берген. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі прақшасында жазды.

1. Біреудің айтқанымен емес, өзінің қалауынша өмір сүре алмағаны үшін

Осы үшін адамдар көп өкінеді. Олар өлімге аз қалғанда ғана өткен өміріне бұрыла қарап, көптеген армандарының орындалмағанын байқайды. Тіпті адамдардың көбісі ойлаған мақсаттарының жартысына да жетпеген. Денсаулық адамға еркіндік береді, өкінішке орай көпшілігі бұны өте кеш түсініп жатады.

2. Бас алмай жұмыс істегені үшін

Бұл туралы барлық ер адам айтты десем болады. Олар жұмыстың кесірінен балаларының қалай өскенін көрмеген және жұбайларына өте аз уақыт бөлген. Егде жастағы еркектердің көпшілігі өмірінің ең қымбат сәттерін ауыр жұмысқа арнағанына өкініш білдіреді.

3. Өз сезімдерін ашық айта алмағандары үшін

Адамдардың көпшілігі қарым-қатынасты жоғалтып алмас үшін, өз ойларын ішіне сақтайды. Осының нәтижесінде олар өмірде өздері қалаған адамға ақыры айнала алмайды. Өкініш пен іштей тыну көптеген ауруларға себепші болады

4. Достықтың қадірін білмегендері үшін

Көпшілік науқастар өмірінің соңғы күндеріне дейін достықты бағалай алмағандарына өкінеді. Олар жұмысқа қатты беріліп кетіп, нағыз достарынан айырылып жатады. Аурухана жатқан әрбір науқас өмірінің осңына дейін достарын күтеді.

5. Бақытты болуға жол бермегендері үшін

Ең таң қалдыратыны да осы жауап. Көпшілігі өмірінің соңына дейін бақытты болу үшін шешімге келу керектігін түсінбейді. Олардың барлығы қалыптасқан стеоретиптер мен көзқарастардың әсерінен барынша бақытты өмір сүре алмаған

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
14
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel