RU
Павлодарда қайықпен серуендеген қыз қолынан айырылып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда қайықпен серуендеген қыз қолынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында он бес жасар қыз демалыс кезінде қолының білек тұсынан айырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда қайықпен серуендеген қыз қолынан айырылып қалды

Көрнекі фото

Оқыс оқиға 8 шілде күні Қашыр ауданының Тереңкөл ауылында болды.

Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылы туған қыз қайыққа байланған жіпті қолына орап, моторлы қайықпен серуендеген.

Шұғыл бұрылыс кезінде ол суға құлап кетіп, қайық сүйреп әкеткен. Зардап шегуші алдымен аудандық ауруханаға жатқызылып, кейіннен облыстық ауруханаға ауыстырылды.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы қыздың сол білегін кесіп алып тастауға тура келгенін хабарлады. Қазір қыз аурухананың травматология бөлімінде жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel