RU
Бельгияны жеңіп кеткен Франция құрамасы финалға шықты (фото)
Жаңалықтар

Бельгияны жеңіп кеткен Франция құрамасы финалға шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Бельгиямен кездескен Франция құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Франция

Фото: sportgo.pro

Санкт-Петербург стадионында өткен тартысты ойынды қос құрама да асқан жылдамдықпен әрі сақтықпен бастады.

Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, матчтағы жалғыз голды 51 минутта франциялық Самуэль Умтити соқты.

"Барселона" клубының қорғаушысы командаласы Гризманның бұрыштамадан асырған добын баспен соғып, француздарға қуаныш сыйлады.
Франция

Ойынның соңғы сәттеріне дейін есеп өзгермей, Франция құрамасы ақтық сынға жолдама алды.

Өз тарихында үшінші мәрте әлем чемпионатының финалына шыққан француздар енді Англия-Хорватия кездесуінің жеңімпазымен жолығады.

Бельгия құрамасы болса 14 шілде күні Санкт-Петербургте қола жүлде үшін ойнайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel