RU
Жаңаөзенде баласын балконға шығарып сабаған әйел елді шошытты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жаңаөзенде баласын балконға шығарып сабаған әйел елді шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзенде баласын балконға шығарып қойып сабаған ананың ісі елді шошытты. Оқиға әлеуметтік желіге жарияланған бойда видеодағы келіншекпен сәбидің кім екені анықталды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vn.ru

Фото: vn.ru

Әлеуметтік желіге таралып кеткен видеода баланың асыранды екені де айтылған. Сонай-ақ оқиғаның Ақтөбеде түсірілгенін, ал әйелдің жаңаөзендік екені видео астында жазылған.

Бұл оқиғадан соң ювеналды полиция мен Жаңаөзеннің білім бөлімі әйелдің кім екенін анықтаған.

"Ювеналды полиция видеодағы әйелге қатысты ақпараттарды жинап, оны Жаңаөзендегі кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау комитетінің комиссиясына тапсырды", - деді Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті.

Ал КТК арнасының хабарлауынша, баланы таяқпен тәрбиелеуге тырысқан ол кішкентайдың өгей шешесі екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel