Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойға келген фотограф 15 жастағы қызды әйел еткен күйеу жігітті сабап тастады (фото)

Опубликовано:

Түрік жігітінің тойында сурет түсіруге келіскен Онур Альбайрак есімді фотограф күйеу жігітті сабап тастады. Ол келіншектің 15 жаста екенін естігенде тойды тоқтатпақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Онур Аьбайрак. Фото: PetaPixel
Онур Аьбайрак. Фото: PetaPixel: UGC

Фотографтың айтуынша, жігіт Онурдың студиясына келіп, тойдағы қуанышты сәттерді түсіруге келіскен.

"Келінді тойда алғаш рет көрдім. Ол кәмелетке толмаған қыз екен. Қобалжып, қорқыныштан дірілдеп тұрды", - дейді Онур Альбайрак.

Ол күйеу жігіттен қалыңдықтың жасы 15-те екенін біліп, суретке түсіруден бас тартады. Алайда той иесі келісімшартқа отырғандарын алға тартып, Онурдың ешқайда кете алмайтынын айтады. Оның сөзін елең қылмаған фотограф кете бергенде, күйеу жігіт төбелес шығарыпты.

Айта кетейік, бұл видео әлеуметтік желіде қыз талқыға түсіп, он мыңнан асам қаралым жинаған. Көпшілік Онурға қолдау білдіріпті.

"Негізі төбелесті ұната бермеймін. Бірақ, осы жағдай қайталанса, тағы да осылай істер едім. Себебі, кәмелетке толмаған қалыңдықтар бар болғаны - құрбандық. Мені ақ көйлектегі кішкентай қызды суретке түсір деп ешкім қинай алмайды", - деді түрік фотографы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741581-tojga-kelgen-fotograf-15-zastagy-kyzdy-jel-etken-kjeu-zigitti-sabap-tastady-foto/

pixel