RU
Алматылық ару сұлулық салонына барып, тырнақтарынан айырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық ару сұлулық салонына барып, тырнақтарынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Сұлулық салонының тұрақты клиентіне айналған алматылық ару тырнақтарынан айрылып қалды. Үш апта сайын маникюр жасататын бойжеткен зең ауруын жұқтырып алған деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:BeSmart

Фото:BeSmart

Бойжеткен тырнағын әрлетуге барғаннан кейін өзін жайсыз сезінген.

Дәрігерлердің көмегіне жүгінген аруға "онихомикоз" зең вирусын жұқтырды" деген диагноз қойып, жарақаттанған аймақтарды кесіп тастаған. Дәрігерлер бұл дерттен айығу үшін кемі жарты жыл емделу керектігін де жасырмаған.

Мамандар бойжеткенге вирусты монша мен сұлулық салондарынан жұқтыруы мүмкін екенін айтып беріпті. Осыдан кейін алматылық қыз өзінің тұрақты салонына барған. Алайда олар бұл істі өз мойындарына алмағанға ұқсайды.

Қазір бойжеткен еміне кеткен 350 мың теңгені аталмыш салоннан өндіріп алмаққа күш салуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel