RU
Әйгілі Рианнадан айнымайтын бойжеткен модельдік бизнесті жаулауда
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әйгілі Рианнадан айнымайтын бойжеткен модельдік бизнесті жаулауда

Рассказать Вконтакте

Үндістанда танымал әнші Рианнаның өзінен айнымайтын егізі табылды. 23 жастағы Рене Куджур әлемге әйгілі әншіге ұқсастығын ұзақ уақыт бойы байқамай келген. Алайда, достары Рианнаның суреттерін бойжеткеннің бетіне басқанда, ол өзін көргендей сезімде болған деп хабарлайды ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рене өзінің достарының арқасында әйгілі жұлдызға ұқсайтынын аңғарған. Бойжеткеннің бетіне Рианннаның суретін басқан олар құрбыларына өзара ұқсастықтарын дәлелдеп бергісі келген.

Танымал жұлдыздан айнымайтынына көзі жеткен Рене бұл жағдайды оңтайлы пайдалануға бел буды. Ол өзінің Рианна іспетті бет-әлпетінің арқасында үндістандық модельдік бизнеске қарай бет бұрған.

Бүгінгі күні ол өз салансының үздігіне айналған. Көптеген беделді басылымдар бойжеткенді өздерінің бас беттерінде көргісі келетінінін жарысып айтуда.

"Фотосессияға шақыратындар саны қаптап кетті. Оған танымал әншіге ұқсастығым үлкен септігін тигізгені сөзсіз. Көпшілік агенттіктерге Рианнадан айнымайды дегенде, олар бірден келісімдерін беріп мені фото түсірілімге қатыстырғысы келіп жатады", - деп айтты Рене.

Oның айтуынша, әйгілі Рианна оған болашаққа деген жаңа көзқарас пен мүлде жаңа өмір сыйлады.

Достарының арұасында танымал жұлдызға ұқсайтынын аңғарған қыздың өмірі күрт өзгеріп кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel